«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының жүзеге асырылуы
«ҚР Тіл туралы» Заңның орындалуын талдау
2024 — 2025 оқу жылына
«Шеминов жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Шеминов жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мемлекеттік тілді дамыту және Тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Іс қағаздары екі тілде жүргізіледі: бұйрықтар кітабы, кіріс және шығыс қағаздары екі тілде. Барлық мектеп іс-шаралары екі тілде жүргізіледі, әлеуметтік желілерде де екі тілде жарияланады. Әр дүйсенбі күні оқушылар мен педагогтар үшін таңертең ҚР әнұраны орындалады. Барлық салтанатты іс-шаралар жалауша шығарып, ҚР әнұраны орындалады.
Тілдер күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ҚР Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша екі тілде іс-шаралар өткізіледі.
Наурыз мерекесіне.
Қыркүйек айында «Мемлекеттік тіл — мәңгілік ел» Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған онкүндік өткізілді, онда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктерінің мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері жоспар бойынша іс-шаралар өткізді.
Мектеп жоспары бойынша мемлекеттік рәміздерді білуге тестілеу өткізілді. Тестілеу қорытындысы оқушылардың жақсы білімін көрсетті.
Соңғы үш жылда қазақ тілі бойынша білім сапасы тұрақты.
Дарынды оқушылар мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық, облыстық, республикалық конкурстарға, зияткерлік ойындарға, олимпиадаларға тартылады. Біздің оқушылар орын алады.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті жұмыс істейді. Кабинет дидактикалық материалдармен, көрнекіліктермен жабдықталған.